Жарнама
Жарнама

Жеңілмеген қазақстандық боксшы әлемдік рейтингтен шығарылды

Бұған дейін Сұлтан Зәуірбек WBA рейтингінде үшінші орында тұрған. Алайда ұйымның жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшының есімі тізімнен табылмады. 

Жеңілмеген қазақстандық боксшы әлемдік рейтингтен шығарылды
Offside.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінен тыс қалды. Бұған дейін дивизион үздіктерінің үштігіне кірген отандасымыз жаңа тізімде алғашқы 15 боксшының қатарынан табылмады.

"Қазақ королі" лақап атымен танымал спортшы екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Үшінші орыннан бірден топ-15-тен тыс қалды

Бұған дейін Сұлтан Зәуірбек WBA рейтингінде үшінші орында тұрған. Алайда ұйымның кезекті жаңартылған рейтингінен кейін қазақстандық боксшының есімі тізімнен мүлде алынып тасталды. WBA әзірге мұндай шешімнің нақты себебін жариялаған жоқ. Зәуірбек кәсіпқой рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

WBA рейтингінен шығарылғанына қарамастан, Сұлтан Зәуірбекті жақын арада мансабындағы маңызды кездесулердің бірі күтіп тұр. Қазақстандық боксшы 26 қыркүйекте Австралияның Квинсленд штатында жергілікті боксшы Джексон Инглэндпен кездеседі.

Бұл жекпе-жектің маңызы жоғары: жеңімпаз IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесіне ие болады.

Руслан Мәдиев рейтингтегі орнын сақтап қалды

WBA-ның жаңартылған тізіміндегі тағы бір қазақстандық боксшы Руслан Мадиев жартылай орта салмақтағы тоғызыншы орнын сақтап қалды.

Бұл дивизионда WBA суперчемпионы мәртебесіне америкалық Теофимо Лопес ие.

Жарнама
Жарнама