Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Сұлтан Данияр

Сұлтан Данияр

Шолушы
Данияр Сұлтан — penalty.kz сайтының жекпе-жек шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазып келеді. Оның негізгі тақырыбы — бокс пен аралас жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлының белбеу үшін айқастары, Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралуы, Данияр Елеусіновтің дайындығы, Никита Цзюдің кештері және әлем чемпионаттарындағы қазақ балуандарының жеңістері. Сонымен қатар футбол рубрикасында "Қайрат", "Ордабасы" мен ҚПЛ клубтарының, ұлттық құраманың және Дастан Сәтпаев секілді Еуропадағы қазақстандықтардың жаңалықтарын, хоккей мен теннис оқиғаларын қадағалайды. Жалпы саны үш мыңнан астам материал жариялаған.
Футбол

"Сенсациялық трансфер": "Қайраттың" қақпашысы Қазақстанда қалуы мүмкін

Испаниялық "Пальмамен" келісімшартқа қол қойғанымен бразилиялық қақпашы Қазақстанда мансабын жалғастыруы ықтимал. Оны чемпион "Семей" өз сапына қосуды көздеп отыр.

Жаңалықтар

Какау "Қайраттың" жан түршігерлік жеңілісінен кейін қайта оралатынын айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, футзалдан Еуро-2016 турнирінің қола жүлдегері Какау УЕФА Чемпиондар лигасының финалы туралы пікір білдірді. Айта кетейік, алматылық "Қайрат" пен испаниялық "Пальма" арасындағы ойын 4:9 есебімен аяқталған еді. 

Жекпе-жек

Жапон "монстры" камбэк жасап, қарсыласын жойқын соққылармен тоқтатты (ВИДЕО)

Лас-Вегаста (АҚШ) әйгілі промоутер Боб Арумның Top Rank ұйымы кезекті кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырды. Оның басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақтың абсолютті чемпионы, жапон боксшысы Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO) америкалық Рамон Карденаспен (26-1, 14 KO) қолғап түйістірді.

Жаңалықтар

"Қайрат" үшін Чемпиондар лигасының финалы ірі есеппен аяқталды (ВИДЕО)

Алматының "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының финалында испаниялық "Картахена" командасынан ойсырай жеңілді. Францияның Ле-Ман қаласында өткен тарихи матч 9:4 есебімен аяқталды. 

Футбол

Зайнутдиновтың "Бешікташы" дербиде сенсациямен жеңді (ВИДЕО)

Түркия Суперлигасының 34-турында футбол жанкүйерлері күтпеген сенсацияға куә болды. "Бешікташ" Ыстамбұлда басты қарсыласы "Фенербахчені" жеңді.

Футбол

"Астана" екі пенальти орындаса да, аутсайдердің сағын сындыра алмады (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 7-турында "Қайсар" Қызылордада "Астананы" қабылдады. 

Жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында бесінші медаль жеңіп алды

Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші медаль еншіледі.

Жекпе-жек

UFC-дегі басты айқастың тағдырын нокаут шешті (ВИДЕО)

АҚШ-тың Айова штатындағы Де-Мойн қаласында UFC on ESPN 67 турнирі өтті. Бұл кештің басты оқиғасы ретінде жартылай жеңіл салмақтағы Кори Сэндхаген мен UFC-дің бұрынғы ең жеңіл салмақтағы чемпионы Дейвисон Фигейреду арасындағы жекпе-жек болды.

Жекпе-жек

Баходир Джалолов Париж Олимпиадасынан кейін мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Өзбекстанның әйгілі аса ауыр салмақтағы боксшысы Баходир Джалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы триумфын еске алып, Instagram парақшасына әсерлі бейнеролик жариялады. Жанкүйерлерді бейжай қалдырмаған бұл жарияланымда ол мансаптық жаңа кезеңге аяқ басатынын мәлімдеді.

Футбол

"Қайрат" шоу жасады: Сәтпаев дубльмен, Жоржиньо үш ассистпен көзге түсті (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының жетінші турында Жезқазғанның "Ұлытауы" Алматының "Қайратын" қабылдады.

Жекпе-жек

"Қазақ жауынгері" WBA титулын сақтап қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (лақап аты – "Қазақ жауынгері") өзінің 23-ші жекпе-жегін өткізіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды. Бокс кеші Тайланд астанасы Бангкокта өтті. Оған Намибияның жеңіліп көрмеген үміті Филлемон Нгутенанье қарсылас болды.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін әлем чемпионымен айқасады

2025 жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC титулының иегері Карлос Адамес арасында өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жек үш белбеуді біріктіретін тарихи шайқас болмақ.

Жекпе-жек

Karate Combat 54: Мохаммад Мокаев Болат Заманбековті нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Karate Combat 54 турнирінде 24 жастағы британиялық файтер Мохаммад Мокаев Қазақстан спортшысы Болат Заманбековті нокаутқа түсірді. 

Жекпе-жек

"Керемет естеліктер": Хабиб Нурмагомедов Дағыстандағы ауыр жаттығулардан архивтік видеоны жариялады (ВИДЕО)

UFC аңызы Хабиб Нурмагомедов Хуштада ауылында (Дағыстан) өткен жаттығу жиындарынан 2011 жылғы архивтік видеоны әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

Жекпе-жек

Әйгілі Мэнни Пакьяо үлкен спортқа қайта оралады

WBC тұжырымы бойынша титул үшін Мэнни Пакьяо мен Марио Барриос арасындағы жекпе-жек ресми жарияланды. 

Футбол

Катар құрамасы Өзбекстанға қарсы матч қарсаңында бас бапкерін ауыстырды

Катар футбол федерациясы құраманың жаңа бас бапкері ретінде испаниялық маман Хулен Лопетегиді тағайындады. Бұл шешім 10 маусым күні Ташкентте өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі шешуші матч қарсаңында қабылданды.

Жекпе-жек

Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы өмірден өтті: GGG көңіл айтты

Қазақ боксының ардақты бапкері Виктор Дмитриев дүние салды.

Жекпе-жек

Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпаған боксшы өлім аузынан аман қалды

Крис Юбэнк өмір мен өлім арасында болды. Бұл туралы оның әкесі айтып берді.

Футбол

Хусановтың агенті таралған ақпаратты жоққа шығарды

"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусановтың агенті Гайрат Хасбиуллин бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тараған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Жаңалықтар

"Қайрат" Францияға жетті

Алматының "Қайрат" футзал клубы УЕФА Лига Чемпиондарының шешуші кезеңі өтетін Францияның Ле-Ман қаласына табан тіреді.