Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Хусановтың агенті таралған ақпаратты жоққа шығарды

Редактор Penalty.kz
01.05.2025, 21:18

"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусановтың агенті Гайрат Хасбиуллин бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тараған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

sportbox.ru
sportbox.ru

Наурыз айының соңында команданың жаттығуынан кейін бас бапкер Пеп Гвардиола Хусановқа: "Сен чемпионсың!" — деп жылы лебіз білдіргені туралы жазылған еді. Алайда футболшы ағылшын тіліндегі "champion" сөзін қате түсініп, "шампунь" деп жауап берген. Бұл сөз Гвардиоланың шашсыз екеніне қатысты қалжың ретінде қабылданып, әлеуметтік желіде кеңінен таралды.

Бірақ Гайрат Хасбиуллин бұл жағдайдың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді:

"Мұндай оқиға болған жоқ. Бұл ақпараттың бәрі — жалған", — деді агент.

Абдукодир Хусанов 2025 жылдың қаңтарында "Манчестер Ситимен" келісімшартқа қол қойып, ағылшын Премьер-лигасында ойнайтын алғашқы өзбек футболшысы атанды. Келісім 2029 жылға дейін күшінде. БАҚ мәліметінше, трансфер сомасы 40 миллион еуроға жетіп, бонуссыз есептелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір