Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпаған боксшы өлім аузынан аман қалды

Редактор Penalty.kz
02.05.2025, 10:13

Крис Юбэнк өмір мен өлім арасында болды. Бұл туралы оның әкесі айтып берді.

sport.nv.ua
sport.nv.ua

Ұлыбританиялық танымал боксшы Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 KO) Конор Бенмен (23-1, 14 KO) өткізген соңғы жекпе-жегінен кейін ауруханаға түсті. 

“Жекпе-жек өте қатал өтті. Бірақ ауруханада ұлым ең алдымен сусыздықтан қатты қиналды. Ол зембілде жатқанда жарыққа сезімтал болды. Сондықтан үнемі көзін жапқан. Ол сол сәтте дәл ағасы Себастьянға ұқсады – түрі, күйі, бәрі бірдей еді. Себастьян 2021 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған. Бұл шын мәнінде өмір мен өлім арасындағы сәт болды”, – деді Юбэнк-үлкен.

Әкесі Крис Юбэнк-үлкен бұл оқиғаның өз өмірінде бұрын болған ауыр сәттерді еске салғанын жасырмады. Ол 1991 жылы Майкл Уотсонмен өткізген жекпе-жегін еске алды. Сол кездесуден кейін Уотсон комаға түсіп, ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан болатын.

“Барлығы көз алдыма келді – Майклмен болған жағдай, сол кездегі сезім, иіс, дыбыс – бәрі-бәрі қайта оралғандай болды”, – деп бөлісті Крис.

Айта кетейік, бұған дейін Крис Юбэнк-кішіге қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізу ұсынылған. Алайда британдық боксшы бұл кездесуден бас тартты. Нәтижесінде ол денсаулығына қауіпті жағдайға душар болған басқа жекпе-жекті таңдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір