Жолдың ақылы бөлігі 151 шақырым болады. Жаңа тәртіп 20 жыл бойы күшінде болады. Яғни, бұл бағытпен жүрген көлік жүргізушілері 2045 жылға дейін ақы төлеуге міндеттеледі. Бұл туралы Көлік министрлігі ресми түрде хабарлады.
Баға қалай есептеледі?
Жол жүру ақысы көлік түріне және төлем тәсіліне байланысты өзгеріп отырады. Міне, нақты тарифтер:
- Жеңіл көліктер үшін: 130 теңге (бекеттегі төлем) және 110 теңге (алдын ала төлем);
- 16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: 1040 теңге (бекеттегі төлем) және 880 теңге (алдын ала төлем);
- 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: 2100 теңге (бекеттегі төлем) және 1780 теңге (алдын ала төлем);
- 32 орыннан жоғары автобустар мен автопойыздар (10 тоннаға дейін): 3150 теңге (бекеттегі төлем) және 2680 теңге (алдын ала төлем);
- 10-15 тонна аралығындағы жүк көліктері үшін: 4200 теңге (бекеттегі төлем) және 3570 теңге (алдын ала төлем);
- 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, соның ішінде тіркемесі бар жүк көліктері және седельный тягачтар үшін: 5240 теңге (бекеттегі төлем) және 4450 теңге (алдын ала төлем);

Жүргізушілер төлемді онлайн немесе арнайы төлем терминалдары арқылы жүзеге асыра алады. Алдын ала төлеу жүйесі — үнемдеудің тиімді тәсілі, себебі бұл жағдайда тарифтер айтарлықтай төмен.