
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы автокөлік өндірісі үш есе артты. Әлемдік автоиндустрия баяулаған шақта бұл – ерекше нәтиже. Сарапшылардың пайымынша, мұндай серпінді өсім елдегі жергілікті өндірісті дамыту мен экспорттық әлеуетті күшейтуге тікелей байланысты.
Қазір отандық нарықтағы ірі ойыншылар – Қостанайдағы Allur және Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan. Бұл екі кәсіпорын Қазақстандағы автомобиль өндірісінің басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылы Қазақстанда екі жаңа автозауыт ашылады. Бұл өндіріс орындары елдің автомобиль хабына айналуына жол ашады.
Қостанай облысында орналасатын бірінші зауыт жылына 70 000 көлік құрастыруға қауқарлы болады. Жобаға кореялық Kia компаниясы $200 миллион инвестиция құйған.
Екінші зауыт Алматыда салынады. Мұнда қытайлық брендтердің көліктері жиналады. Оның жылдық қуаттылығы — 90 000 көлік.
Жаңа зауыттардың іске қосылуы нәтижесінде мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады, әсіресе инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша. Бұл салада білікті кадрларға сұраныс артып келеді, ал бұл инженерлер мен техник мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық автоөндірушілердің қызығушылығы бірнеше фактормен түсіндіріледі:
Қазақстанның автоөндірісі экономиканы әртараптандырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылуда. Бұл – шикізаттық тәуелділікті азайтуға бағытталған стратегиялық қадам.