
Түркістанда өткен өндірістік көрмеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстанның Халқ Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовке отандық өндірістен шығатын жол талғамайтын көлік таныстырылды
Экскурсия жүргізуші президенттерге көліктің Қазақстанда құрастырылатын жаңа моделі екенін айтып таныстырды. Бұл кезде Бердымұхамедов ерекше әзілмен жауап қатты:
“Ақ түске бояп беріңдер — сатып аламыз. Сөзсіз!”, – деді Түрікменстанның бұрынғы президенті.
Ол сөзін әзілмен жалғап:
“Аркадагта (Түрікменстанның жаңа әкімшілік орталығы) міндетті түрде сатып аламыз. Электромобильдер болса, оларды да аламыз”, – деді жымиып.
Айта кетейік, Гурбангулы Бердымұхамедовтің ақ түске деген ерекше ықыласы бұрыннан белгілі. Түрікменстанда 2015 жылдан бастап қара түсті көліктердің елге кіруі шектеліп, 2018 жылы мүлде тыйым салынған. Ресми түсініктеме берілмесе де, шекара қызметкерлері қара емес, ақ көлік сатып алуға кеңес берген, себебі “ақ түс сәттілік әкеледі” деген ырым кең таралған.