Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанда отандық өндірістегі көліктер арзандады

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 16:25

Қазақстандағы JAC маркасының ресми дистрибьюторы — JAC Motors Qazaqstan (Allur компаниясының құрамында) – Қытайдың ең көне автоөндірушілерінің бірі саналатын брендтің барлық моделіне бағаның төмендегенін мәлімдеді.

jac-motors.kz
jac-motors.kz

Автоөндірісте өзіндік орны бар Allur биыл 22 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания Қостанайда жеке зауытын ашып, Қазақстандағы автомобиль өндірісінің локомотивіне айналды. Бүгінде Allur брендік портфеліне алты марка кіреді: Kia, Chevrolet, Jetour, Škoda, Hongqi және JAC.

"Қазақстанның автокөлік одағының" мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы JAC еліміздегі ең көп сатылған бес брендтің қатарына енген. Бір жыл ішінде 11 мыңнан астам көлік иесін тапқан. Бұл – сенімді әрі қолжетімді көлікке деген сұраныстың айқын көрінісі.

Брендтің флагманы — JAC J7 моделі. 2024 жылдың өзінде 4 мыңнан аса көлік сатылған. Бұл модельге деген тұтынушы сенімін дәлелдейді.

JAC көліктерінің жаңартылған бағасы:

  • J7 седан9 290 000 теңгеден басталады
  • S3 Pro (халықтық кроссовер) – 8 590 000 теңгеден
  • JS4 (шағын қала кроссовері) – 9 290 000 теңгеден
  • JS8 (7 орынды SUV) – 12 490 000 теңгеден

Ескерту: бұл бағалар 2024 жылғы модельдерге және жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында ұсынылған.

Базалық бағаның төмендеуінен бөлек, ForteBank банкімен бірлесіп, бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыздан басталатын арнайы автонесиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл ұсыныс еліміздің барлық өңірлеріндегі ресми дилерлерде қолжетімді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір