
Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қала тұрғындары арасында қызу талқыға түскен бұл жүйе қытайлық стандарттар негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының айтуынша, жоба дыбыс деңгейі бойынша халықаралық талаптарға сай келеді:
“Ішкі шудың рұқсат етілген шегі – 75 дБА (децибел акустикалық), ал сыртқы шекті деңгей – 80 дБА. Астанадағы LRT осы көрсеткіштерден аспайды”.
Салыстыра кетсек:
LRT вагондары дыбыс оқшаулауға ерекше көңіл бөлінген:
Сонымен қатар, маршрут бойында тұтас дәнекерленген рельстер төселеді. Бұл дегеніміз – рельстер арасында буындардың болмауы, сәйкесінше доңғалақ пен рельс арасындағы соқтығыстан туындайтын шудың азаюы деген сөз.
Астана әкімдігі Қытайдың Таншань қаласынан 19 вагонға тапсырыс берген. Бұл вагондар қазірдің өзінде Түркия мен Аргентинада қолданылып келеді және шу деңгейі мен сенімділігі жағынан жақсы нәтиже көрсеткені айтылды.