Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Chevrolet Cobalt жайлы 7 басты кемшілік

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 15:00

Chevrolet Cobalt – бағасы қолжетімді, қарапайым көлік ретінде танылғанымен көптеген иелерінің айтуынша, бұл модельде бірқатар күрделі және тіпті қауіпті ақау бар. Кейбір кемшіліктер жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

avto-city.ru
avto-city.ru

1. Қауіпті тұтандыру құлпы — қозғалыс кезінде өшіп қалуы мүмкін

Cobalt моделіндегі ең көп талқыланатын және ең қауіпті проблема — тұтандыру жүйесіндегі ақау. Кейбір жағдайларда көлік жүріп келе жатып кенеттен сөніп қалады. Бұл кезде қауіпсіздік жастықшалары, тежегіш күшейткіші және рульдік басқару жүйесі істен шығады.

Бұл ақау бірнеше өлімге алып келген жол апаттарымен тікелей байланысты болғандықтан өндіруші миллиондаған көлікті қайтарып, құлыпты ауыстыруға мәжбүр болды. Дегенмен иелерінің көңіліне күмән ұялады.

2. Электрлі руль күшейткішінің ақаулары

Cobalt жүргізушілерінің жиі тап болатын келесі мәселе – рульдің электрлік күшейткішінің кенеттен істен шығуы. Әсіресе төмен жылдамдықпен жүргенде руль бірден ауырлап кетеді, бұл жүргізушінің әрекет ету мүмкіндігін шектейді.

Бұл жағдай жол апатына себеп болуы мүмкін, әсіресе жаңа жүргізушілер үшін өте қауіпті.

3. Газ тарату механизмінің (ГРМ) тізбегіндегі ақаулар

Ескі модельдерде жиі кездесетін мәселенің бірі – ГРМ тізбегінің бұзылуы. Қозғалтқыштан бөтен дыбыстар шығып, оның жұмысы тұрақсыздана бастайды.

Мұндай ақауға мән берілмесе, қозғалтқышты толық ауыстыруға дейін апаруы мүмкін.

4. Бензин багының қақпағы сенімсіз

Бір қарағанда ұсақ нәрсе болып көрінетін бензин багының қақпағы да мазаны алады. Ол дұрыс жабылмаса, "Check Engine" шамы жанады, ал салонда бензин иісі пайда болады.

Бұл жайсыздық қауіпсіздікке де әсер етеді.

5. Фаралар мен бұрылыс шамдарының дұрыс істемеуі

Электр жүйесінің сенімсіздігі – тағы бір маңызды мәселе. Көлік иелері фарлардың кенеттен сөніп қалуы немесе поворотниктердің дұрыс жыпылықтамауы туралы жиі шағымданады.

Бұл әсіресе түнгі уақытта жолда қауіпті жағдай туындатып, айыппұл салуға да әкеп соғуы мүмкін.

6. Жанармай жүйесіндегі ағып кетулер

Бензин жүйесінен ағып кету – өте қауіпті мәселе. Көбінесе бұл бензин құбырлары мен шлангтарының ескіруінен болады.

Мұндай жағдайларда өрт шығу қаупі өте жоғары, әсіресе жазғы ыстықта.

7. Салондағы материал сапасының төмендігі

Chevrolet Cobalt көлігінің ішкі көрінісі де көп сынға ұшырайды. Қатты пластик, тез тозатын маталар мен сықырлаған панельдер – тіпті аз жүрген көліктердің өзінде байқалады.

Бұл көліктің екінші нарықтағы бағасына теріс әсерін тигізеді және жайлылықты төмендетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір