Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

10 жыл айдалған көлік сатып алған талдыкорғандық сынға ұшырады

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 18:00

26 жастағы талдықорғандық Volkswagen Polo 2015 автокөлігін сатып алып, Threads желісінде қуанышын бөлісті. Бірақ әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі оны құттықтаса, енді бірі – оның саудасын тиімсіз деп сынады.

kursiv.kz
kursiv.kz

"Көп күттім, бірақ енді уақыты келді" 

Пайдаланушы @fb.alim Threads платформасында өзінің алғашқы көлігі – сұр түсті Volkswagen Polo 2015-пен түскен суретін жариялады. Ол машинаны 5,8 млн теңгеге сатып алғанын айтып, былай деп жазды:

"Әрқашан кейінге қалдырып жүрдім. Енді уақыты келгенін түсіндім. Биыл тағы бір гештальт жабылды".

Сенімді машина ма, әлде артық төлем бе?

Жазба желіде тез таралып, астында түрлі пікірлер пайда болды. Бір қолданушы оны құттықтап:

"Бірінші көлікке сенімді нұсқа, жарайсың!" – деп жазды.

Тағы біреуі бұл модельді каршеринг компанияларының белсенді пайдаланатынын еске салды:

"Anytime-ның өзі дәл осы модельді мінгізіп жүр. Демек, сенімді, құтты болсын!".

Алайда сын айтқандар да аз болмады. Бір комментатор:

"Эконом-класстың 10 жылдық көлігі үшін 11 мың доллар? Саған оны жай ғана өткізіп жіберген сияқты. Бір миллион теңге қоссаң, жаңа көлік мінетін едің!" – деп пікір білдірді.

Басқа қолданушы балама ретінде Корея брендтерін ұсынды:

"Бұл бағаға 2017–2018 жылғы Kia Rio немесе Hyundai Accent алуға болатын еді, жағдайы да жақсы".

Сарапшылар не дейді? 

Кейбір тәжірибелі жүргізушілер де пікір қосты. Бір қолданушы өзінің 2016 жылғы Volkswagen Polo көлігі жөнінде былай деді:

"Машина жақсы, бірақ сәл ғана май жейді – ауыстыру аралығында 0,5 литрдей. Castrol майын құю керек. Тағы бір кеңес – S режимінде жүрмеңіз, бензинді көп жейді".

Мамандар мен көлік иелерінің пікірінше, 6 млн теңгеге 2017–2018 жылғы заманауи автокөліктерді табуға болады. Kia Rio мен Hyundai Accent секілді модельдер жиі жаңарған опциялармен жабдықталады. Екінші нарықта өтімді және қалдық құнын жақсы сақтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір