Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Енді "Сергек" жүйесі телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді

Сарапшы, спорт журналисі

"Сергек" жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді.

Енді "Сергек" жүйесі телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейді
Сурет: ашық дереккөздерден

Жүйе бейнеағынды талдау алгоритмдері негізінде жұмыс істейді, бұл жүргізушінің рөлде телефонмен сөйлесіп отырғанын басқа әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқиға тек айқын көрінген жағдайда ғана тіркеледі, бұл деректердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Алайда қазіргі уақытта "Сергек" телефон пайдаланған жолаушыларды тек қана тіркеуге ала алады, бірақ бұл заң бұзушылық ретінде танылмайтын көрінеді. Себебі әзірге бұған қатысты тиісті нормативтік-құқықтық акт жоқ.

Бүгінде "Сергек" жүйесі 8 қалада – Алматы, Атырау, Ақтау, Семей, Шымкент, Түркістан, Құлсары және Тараз қалаларында, сондай-ақ үш облыста – Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында жұмыс істейді.

Полицей көлік жүргізушісін телефон пайдаланғаны үшін тоқтатса, қандай айыппұл салынады:

  • Бірінші рет заң бұзғаны үшін – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Телефонды қолға ұстамай, hands-free жүйесі арқылы (құлаққап не дауыс зорайтқыш арқылы) телефонды пайдалану заң бұзушылық болып саналмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір