Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Феррари суперкары теңізде рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

Суперкар Италия Әскери-теңіз күштерінің «Nave Trieste» ұшақтасығышы кемесінің палубасында 164 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. 

Феррари суперкары теңізде рекорд орнатты
Авто.ру

Италиялық пилот Фабио Бароне теңізде жаңа рекорд орнатты. Ол Ferrari SF90 Stradale көлігінің жылдамдығын Италия Әскери-теңіз күштерінің «Nave Trieste» ұшақтасығышы кемесінің палубасында 164 км/сағ жеткізді.

Фабио Бароне бұл рекордты орнату кезінде бар болғаны 200 метрлік жолақта ғана жүріп өтіп, дер кезінде көлікті тежеп үлгерді. Жарыс жолы ретінде пайдаланылған палубаның соңында ұшақтар ұшуға арналған “трамплин” бөлігі орналасқан, және Бароне тежегішті дәл осы тұстан сәл бұрын басып үлгерген.

Мұндай сынақ әлемде алғаш рет әскери кемеде жүргізіліп отыр. 

Айта кетейік, алып кеменің ұзындығы 245 метр, салмағы 33 мың тонна. 

Жалпы, Ferrari SF90 Stradale — V8 гибридті қозғалтқышы бар суперкар, қуаты – 1000 ат күші. Ал 0-ден 100 км/сағ дейін 2,5 секундта жете алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір