Бұл жоба әуе айлағына көлікпен қатынауды жеңілдетіп, жүк тасымалы мен жолаушылар қозғалысын арттыруға бағытталған.
Алматыда Халықаралық әуежайдың айналасында қалалық автомагистралді, айналма жолды, жүк терминалын және әуе айлағына басты кіреберісті байланыстыратын жаңа айналма жол пайда болады.
Жоба премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оның мақсаты — жолаушылар мен тасымалдаушыларға әуежайға тез әрі ыңғайлы жету мүмкіндігін қамтамасыз ету.
«Айналма жол әуежайдан жылдам шығуға мүмкіндік береді. Логистиканы жақсартып, қаланың орталық көшелеріне жүктемені азайтады деп жоспарлануда. Бір мезгілде авиаотынды жеткізу мен сақтаудың тұрақты жүйесін құру бойынша шаралар пысықталуда», — делінген Үкімет хабарламасында.
TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе үкімет басшысына Horizon-2050 даму бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндады.
Бағдарлама аясында:
Бұдан бөлек, болашақта Алматы әуежайында үш ұшу-қону жолағы, жаңа жүк айлағы мен көлемді логистикалық кешендер пайда болмақ. Нәтижесінде әуежайдың жылдық өткізу қабілеті 55 миллион жолаушы мен 500 мың тонна жүкке дейін ұлғаяды.
Айта кетейік, TAV Airports Holding осы күнге дейін 260 миллион доллар инвестиция салған және пайданы одан әрі қайта инвестициялауға дайын екенін растады.
Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы әуежайын дамыту жобасы — Қазақстанның алты қаласында авиахабтардың бірыңғай желісін құру бағдарламасының бір бөлігі екенін атап өтті.
Ол тиісті министрліктер мен Алматы әкімдігіне жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.