Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Асфальт суға шыдамады: Шымкентте бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті

Сарапшы, спорт журналисі

Көлік иелеріне өтемақы төленетін болды. Сонымен қатар, мердігер компанияға айыппұл салынды. 

Асфальт суға шыдамады: Шымкентте бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті
informburo.kz

Шымкент қаласында жауын-шашыннан кейін асфальт опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті. Оқиға Күншығыс шағынауданында болған. Мердігер компания көлік иелеріне өтемақы төлеп, жолды қалпына келтіруге міндеттелді.

«Міне, бізде жол осылай салынады. Шұңқырды қазып, үстін аздап топырақпен жабады. Ал жаңбыр жауса, бәрі опырылады. Енді көлік соған түсіп отыр. Бұған кім жауап береді?» — дейді видео авторы.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мәліметінше, опырылған жердің астында бұған дейін «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС тапсырысымен ауызсу құбыры тартылған. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң, мердігер ұйым жолды уақытша қалпына келтірген. Алайда жауын-шашыннан кейін топырақ шөгіп, асфальт бөлігі опырылып түскен.

Көлік иелеріне өтемақы төленді

Әкімдік өкілдері мәлімдегендей, мердігер компания жауапкершілікті мойнына алып, зақымданған көлік иелеріне өтемақы төлейді.

«Опырылу салдарынан бірнеше көлік зардап шекті. Мердігер ұйым келтірілген шығынды өтеді және жолды қалпына келтіру жұмыстары өздеріне жүктелді», — деп хабарлады әкімдік.

Оқиға бойынша полиция да тексеріс жүргізіп, мердігер компанияға әкімшілік айыппұл салды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір