Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Алматы мен Алатауда әуе такси жүйесі іске қосылады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Joby Aero компаниясымен жалпы құны 300 млн доллар болатын келісімге қол қойды. Алдағы жылдары Алатау мен Алматы қалаларында электрлі әуе такси жүйесі іске қосылып, қалаішілік көлік қатынасының жаңа кезеңі басталмақ.

Алматы мен Алатауда әуе такси жүйесі іске қосылады
kz.kursiv.media

Қазақстан үкіметі мен америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы арасында eVTOL (electric Vertical Take-Off and Landing) — тік ұшып-қонатын электр әуе көліктерін сатып алу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Жалпы құны 300 млн долларды құрайтын жоба Алатау және Алматы қалаларының көлік инфрақұрылымына әуе такси жүйесін енгізуді көздейді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

«Қазақстан инновациялық көліктің жаңа дәуіріне қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу жолындағы маңызды кезең. Бұл бастама Алатауды болашақтың жоғары технологиялы және бірегей қаласы ретінде қалыптастыруға серпін береді», –  деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Жоба аясында арнайы сынақ алаңы құрылып, аэротакси қызметі Алматы мен Алатаудың көлік жүйесіне біріктіріледі. Бұл бастама қалалық әуе мобильдігін дамытуға және мегаполистегі көлік жүктемесін азайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Joby Aero, Inc. (АҚШ) – eVTOL авиациясы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания электр әуе таксилерін өндіру және сертификаттау бойынша алғашқы коммерциялық жобаларды іске асырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір