Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлікті лизингпен алуға болады

Сарапшы, спорт журналисі

1 желтоқсанда Қазақстан азаматтары үшін жаңа қаржылық құрал автолизинг жүйесі іске қосылады.

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлікті лизингпен алуға болады
Сурет: ашық дереккөздерден

Сауда және интеграция министрлігі қажетті құқықтық негізді дайындап, жеке тұлғаларға арналған лизинг шарттарын "Ішкі сауда ережелеріне" енгізді.

Аталған бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында енгізіліп отыр және халықтың көлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Жаңа жүйе бойынша азаматтар тек жаңа, автосалоннан шыққан көлікті ғана лизингке ала алады. Қолданылған автокөліктер бұл бағдарламаға кірмейді.

Министрлік түсіндіргендей, мемлекет мұнда қаржыландырушы емес, тек реттеуші рөлін атқарады. Яғни, пайыздық мөлшерлеме, мерзім және төлем кестесі сияқты шарттарды лизингтік компаниялар өздері белгілейді. Бұл – мемлекеттік бағдарлама емес, нарықтық коммерциялық өнім.

Лизингтің басты айырмашылығы – көлік толық төлем жасалғанға дейін лизинг компаниясының меншігінде болады. Тұтынушы көлікті пайдаланады, бірақ оның иесі емес. Сонымен бірге, ол көлікке қатысты барлық тәуекелдерге жауапты: зақым келсе, ұрланса немесе жойылса – шығынды өзі өтейді. Сондықтан клиентке міндетті түрде сақтандыруын рәсімдеу қажет.

Шартты бұзған жағдайда, яғни төлем екі айдан артық кешіксе, лизинг компаниясы көлікті қайтарып алуға құқылы.

Жалпы алғанда, автолизинг жүйесі қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік болмақ. Алайда бұл – тек тәртіпті төлеушілер мен өз қаржысын нақты есептейтіндерге арналған құрал. Келісімшартқа қол қояр алдында барлық тармақтарды мұқият зерттеу ұсынылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір