Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Астана мен Алматы бензині ең арзан әлемдегі 10 қаланың ішіне кірді

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында Қазақстанда 3,4 млн тонна бензин (оның ішінде автомобиль және әуе бензині) өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға артық.

Астана мен Алматы бензині ең арзан әлемдегі 10 қаланың ішіне кірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бензиннің ең көбі Шымкентте (1,3 млн тонна), сондай-ақ Атырау (1,1 млн тонна) және Павлодар (889,2 мың тонна) облыстарында өндірілген. Бұл қалаларда Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыттары бар екенін айта кеткен жөн.

Қазақстандағы ең ірі бензин өңдейтін зауыттардың бірі

Баға динамикасы

2025 жылғы тамызда бензин құны айлық есеппен 2,5%-ға, жылдық есеппен 8,3%-ға өсті. Оның ішінде бір ай ішінде:

АИ-98 – 0,8%-ға,

АИ-95/96 – 1,4%-ға,

АИ-92 – 2,7%-ға қымбаттады.

Жылдық көрсеткіште:

АИ-98 – 5,5%-ға,

АИ-95/96 – 6,5%-ға,

АИ-92 – 8,7%-ға өсті.

Өңірлік тұрғыдан айлық баға өсімі барлық облыста тіркелді. Ең жоғары қымбаттау Алматы облысында байқалды – 3,4%. Одан кейін Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында – әрқайсысында 3,1%. Ең аз өсім Ақтөбе (1,4%) және Павлодар (1,6%) облыстарында болды. Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында өсім 1,8% деңгейінде тіркелді.

Жылдық динамикада ең көп баға өсімі Ұлытау (10,4%), Солтүстік Қазақстан (10,2%) және Алматы (9,4%) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі өсім Түркістан (6,4%), Қостанай (7%) және Ақтөбе (7,3%) облыстарында болды.

Тамыз айындағы орташа нарықтық бағалар:

АИ-92 – литрі 220 теңге,

АИ-95/96 – 271 теңге,

АИ-98 – 306 теңге.

Әлемдік рейтинг

Numbeo деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан бензин арзандығы жағынан 127 елдің ішінде 5-орынға шықты. Елдегі орташа баға – литрі 0,46 АҚШ доллары. Қазақстаннан арзан бензин тек Ливия, Мысыр, Кувейт және Алжирде тіркелді. Ең қымбат бензин Мьянма, Гонконг және Исландияда болды.

ТМД елдері ішінде Қазақстан бензин бағасы ең арзан ел болған.

«Қалалар рейтингінде Астана мен Алматы бензин арзандығы бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді. Астанада литрі 0,46 $, Алматыда 0,48 $ болды. ТМД бойынша ең қымбат бензин Кишиневте тіркелді – литрі 1,44 $. Әлемде ең қымбат қалалар – Гонконг, Рейкьявик және Амстердам, ал ең арзан қалалар – Триполи, Алжир, Александрия, Каир және Эль-Кувейт», - деп жазылған сайтта.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір