Өртке нақты не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, көлікке газ қондырғысы орнатылған.
Тараз қаласында әкімдік ғимараты маңында газ қондырғысы орнатылған автокөлік өртенді. Оқыс оқиға 10 қараша күні сағат 10:45 шамасында. Абырой болғанда, одан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне көліктен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен соң, оқиға орнына ТЖД-ның жедел әрекет ету тобы аттанған. Құтқарушылардың жедел және кәсіби әрекетінің арқасында тілсіз жау сағат 10:56-да толық сөндірілді.
“Газ деген қиын болды. Халықтың қалтасы көтермейді. Бензин шарықтап тұр, газ орнатады. Бірак арты осындай жағдайға алып келғп тұрады”
“Адам аман болсыншы, темір келер қалпына”, – деп жазды желі қолданушылары.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.