Ұшты-ұшты такси ұшты. Алматыда жаңа көлік түрі пайда болады

Сарапшы, спорт журналисі

Алматы мен Алатау арасында әуе таксиі іске қосылады. Ұшу аппараттары биыл сынақтан өтеді. 

Ұшты-ұшты такси ұшты. Алматыда жаңа көлік түрі пайда болады
kz.kursiv.media

Алатау қаласынан Алматыға және Алматы облысының өзге елдімекендеріне әуе таксиі (аэротакси) қатынайды. Төрт жолаушыға арналған Joby Aviation S4 ұшу аппараттары 2026 жылы сынақтан өтеді.

"Курсив" мәліметі бойынша Алатау қаласында әуе мобильділігі операторы ретінде Alatau Advance Air Group жеке компаниясы анықталған. Қазір бұл компания Алатау қаласында қоғамдық көліктерге арналған сынақ инфрақұрылымын дайындап жатыр.

Қандай аппарат таңдалды?

Қазақстандағы алғашқы әуе таксиі үшін стратегиялық серіктес ретінде америкалық Joby Aviation компаниясы және оның S4 (eVTOL) моделі таңдалған.

Себебі Joby Aviation:

  • тік ұшып-қонатын электрлі аппараттар (eVTOL) өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі;
  • АҚШ Азаматтық авиация басқармасында (FAA) сертификаттаудың озық кезеңінен өткен;
  • нақты ұшу тәжірибесі бар.

Алатау мен Алматы арасында қатынауы мүмкін аппараттың негізгі сипаттамалары:

  • 4 жолаушы + 1 ұшқыш;
  • 160 шақырымға дейін ұшады;
  • жылдамдағы сағатына 320 км;
  • электр қуатымен жұмыс істейді.

Ұшу бағасы қанша болады?

"Әуе таксиі Алатау, Алматы және облыс қалалары арасында жылдам қатынасты қамтамасыз ететін инновациялық көлікке айналады. Ұшу құны сертификаттау мен коммерциялық дайындық аяқталған соң жарияланады", - дейді әкімдік өкілдері. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір