Астанадағы LRT-ның бағыты белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жеңіл рельсті көлік жүйесі биыл пайдалануға беріледі. 

Астанадағы LRT-ның бағыты белгілі болды
kolesa.kz

Астана қаласында LRT (Light Rail Transit) жүйесі қазір сынақтан өтіп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, жоба жоспарға сай жүзеге асса, биыл толық аяқталып, жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.

Қоғамдық көлік бағыты

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT желісінің жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым, ал бағыт бойында 18 станция орналасады. Ол елорданың негізгі көшелері мен маңызды нысандарын қамтиды.

LRT қозғалысы:

  • Астана халықаралық әуежайынан басталып,
  • Қабанбай батыр даңғылы арқылы өтеді,
  • “Астана жұлдызы” айналма жолын,
  • Назарбаев Университеті мен Ботаникалық бақты қамтиды,
  • Одан кейін Сығанақ көшесіне бұрылып,
  • “Абу-Даби Плаза”, Министрліктер үйі маңынан өтеді,
  • Арыс көпірі мен Қалдаяқов көшесін кесіп өтіп,
  • Ұлттық музей жанынан жүріп,
  • Соңғы аялдама ретінде “Нұрлы жол” вокзалында аяқталады.

Сонымен қатар, LRT жобасының екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесі бойында инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Жобаның құны

Айта кетейік, былтыр жыл соңында сынақ мерзімі екі айда аяқталады деп жоспарланған. Жалпы LRT құрылысына 332,4 млрд теңге жұмсалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір