Наурыздың несібесі ме? Жаңа көліктер арзанға сатылып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда отандық дилерлер ауқымды акциялар жариялады. 

Наурыздың несібесі ме? Жаңа көліктер арзанға сатылып жатыр
kp.ru

Жыл басынан бері Қазақстанда жаңа көлік бағасы 3–4%-ға қымбаттады. Бірақ наурызда дилерлер ауқымды акциялар жариялап, тұтынушыларға ірі жеңілдіктер ұсынды. 

Нарыққа серпін берген — Hyundai

Көктемгі акциялардың негізгі драйвері — кореялық брендтер.

Hyundai бірқатар танымал модельге айтарлықтай жеңілдік жариялады:

  • Elantra — шамамен 10 млн теңге (1,5–2 млн үнем);
  • Sonata — жеңілдік 2–3 млн теңгеге дейін жетеді;
  • Tucson — кей нұсқаларда 3 млн теңгеге арзандады;
  • Santa Fe — 2,5–3 млн теңге жеңілдік. 

Мысалы, Tucson Prime бұған дейін 18–19 млн теңгеге бағаланса, қазір 15–16 млн теңгеден саудаланып жатыр. Ал 21 млн теңгеден сатылған Santa Fe-ні қазір шамамен 18 млн теңгеге иемденуге болады. 

Фото: Aster.kz

Kia да үлкен жеңілдік жасады

Kia бренді де көктемгі науқанды белсенді жүргізуде:

  • Cerato — шамамен 10 млн;
  • Seltos — 11 млн теңгеден басталады;
  • Sportage — 4–4,5 млн теңгеге дейін арзандады;
  • K5, Sorento — 4 млн теңгеге дейін жеңілдік;
  • K8 — 4–5 млн теңге жеңілдік.

Мұндай шараның басты мақсаты — 2025 жылғы көліктерді тезірек сату.

Қытай брендтері: басқа стратегия

Қытайлық автоөндірушілер арасында Changan көбіне жеңілдік емес, төмен пайызды несие (0,1%) арқылы клиент тартуда.

Фото: Orda.kz

Ал Geely нақты бағаны төмендетуге барған:

  • Galaxy Preface — 9,9 млн (бұрын - 11,8 млн) 
  • Cityray — 8,9 млн (бұрын - 10,9 млн)
  • EX5 (электрмобиль) — 11,9 млн (бұрын - 14,4 млн)

Бұл акциялар 31 наурызға дейін жалғасады.

Премиум сегмент өзгеріссіз қалды. Toyota, Lexus, Mercedes-Benz және BMW сияқты брендтерде айтарлықтай жеңілдіктер жоқ.