Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Электрокар иелерінің 1 %-ы ғана моторы бар машинаға оралуға дайын

Редактор Penalty.kz
15.12.2024, 22:00

Электрокар жүргізушілерінің жаһандық альянсы (GEVA) әлемнің әр түкпірінен 23 мыңнан аса респондент қатысқан сауалнама нәтижесін жариялады.

Электрокар иелерінің 1 %-ы ғана моторы бар машинаға оралуға дайын
avtocharge.ru

Электромобиль иелерінің басым бөлігі өз таңдауына риза екені белгілі болды. Бірақ 100 % емес, деп жазады Kolesa.kz.

Сауалнамаға қатысқандардың 97 %-ы қанағаттанғанын немесе толық қанағаттанғанын айтқан. Респонденттердің 92 %-ы автомобиль ауыстырған кезде тағы электрокар таңдауға дайын екенін білдірді. Тағы 4 %-ы гибрид алғысы келетінін айтса, тек 1 % адам іштен жанатын қозғалтқышы бар машинаға оралуға ниетті болған.

Адамдардың электромобиль таңдауына жанармаймен жүретін автомобильмен салыстырғанда меншік құнының төмендігі, экологиялық тазалығы, акустикалық жайлылығы және жаңа технология себеп болған. Салықты азайту немесе салықтан босату, тегін автотұрақ, арнайы жолақпен жүруге рұқсат сияқты жеңілдіктер де көп жүргізушіні қызықтырады.

Сауалнамаға қатысқандардың көбі батареялы машинаның еш кемшілігі жоқ екенін атап өтті. Бірақ жылдам қуаттайтын станциялар жеткіліксіз, сол үшін респонденттердің 70 %-ы көлігін үйде қуаттайды. Сондай-ақ электрокар батареясын толтыру уақытының ұзақтығы мен жүріс қорының аз болуы жүргізушілерге ұнамайды.

Сауалнама нәтижесі электромобильге сұраныс төмендеп келе жатқаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейтінін көрсетті деп мәлімдеді АҚШ пен Еуропа елдеріндегі GEVA басшылары. Сегменттің танымалдығын бұдан арттыру үшін тұрғындарға ыңғайлы инфрақұрылым әзірлеу қажет екені анықталды, өйткені энергия қорын тез жинау проблемасы әлі өте өзекті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір