Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Honda мен Nissan 2026 жылға дейін бірігеді

Редактор Penalty.kz
24.12.2024, 14:41

Жапондық автоөндірушілер ресми түрде келіссөздер жүріп жатқанын жария етті.

Honda мен Nissan 2026 жылға дейін бірігеді
news.sky.com

"Хонда" мен "Ниссан" компаниялары 2026 жылдың тамызына дейін ортақ бір компанияға бірігуге ниетті. Жапондық автоөндірушілер ресми түрде келіссөздер жүріп жатқанын жария етті. Олар сұраныстың төмендеп бара жатқанын айтады. Сондықтан бірігіп, қытайлық электрмобильдер тарапынан бәсекеге төтеп береміз деп отыр. Сөйтіп ортақ компания сатылымдар бойынша әлемдік нарықта үшінші орынға шығуға ниетті. 

"Екі компания басшылығы жаһандық автомобиль өнеркәсібінде болып жатқан өзгерістерді байқап отыр. Жасанды интеллекттің маңызы артып келе жатқанын да жақсы түсінеді. Сол үшін де бірігу шешімін қабылдадық. Сондай қадамдардың арқасында сатылым көлемін 30 триллион иенадан асыруға ниеттіміз", - деді Honda бас директоры Мибе Тосихиро. 

Айта кетейік, Жапония экспортының бестен бірі автомобиль өнеркәсібінің үлесінде. Бұл салада жұмысқа қабілетті тұрғындардың 8 пайызы еңбек етеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір