Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Асфальт қайда? Мен жеңіске жеттім ғой": Елдос Сметовтің оқиғасы интернет-мемге айналды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 15:50

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін туған қаласындағы көшеге төселген асфальт – әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен тақырыптардың біріне айналды. 

offside.kz
offside.kz

Видеода халықаралық турнирден оралған жас спортшы анасымен кездесіп жатып:

“Асфальт қайда? Мен әлемдік турнирде бірінші орын алдым ғой!” – дейді.

Ал анасы баласының сөзіне күліп:

“Ұлым әлемді бағындырды. Бірінші орынды жеңіп алды. Әкімдік, мұнда да асфальт төсеп беріңдер”, – деп әзілмен жауап береді.

Бұл видео – Елдос Сметовке қатысты болған нақты жағдайға меңзеу. Жасөспірімнің эмоциясы мен әзілге толы сөзі интернет қолданушылар арасында кең тарап, вирусқа айналды.

Сметовтің жеңісі – көшеге асфальт себеп болды

2024 жылдың 5 тамызы күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Таразға оралды. Осыған орай жергілікті әкімдік Сметовтің тұратын көшесін асфальттап, абаттандыру жұмыстарын жүргізген болатын.

Журналист Исламбек Дастан түсірген видеода көшеге жаңадан төселген асфальт көрсетілген. Кадр сыртындағы дауыс бұл әрекетті Олимпиада чемпионының құрметіне арнайы жасалған деп түсіндіреді.

Назым Қызайбай да бұл оқиғаға пікір білдірді

Бұл оқиға жайлы өз көзқарасын Олимпиаданың қола жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да білдірді:

“Біз жақта асфальт түгілі, жолды тегістеп берсе – соның өзі мереке болар еді”, – деп әзілдеді спортшы.

Елдос Сметов – дзюдодағы тарихи алтын иегері

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан тарихында дзюдо спортынан алғашқы Олимпиада алтыны.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір