Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Ерекше кеш болмақ": Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 18:55

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 26 мамыр күні Алматыда өтетін "D and Dears" атты фан-кездесуге тыңдармандарды ерекше кеш күтіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жазды.

baq.kz
baq.kz

Димаш алдағы кештің жай ғана концерт емес, жанкүйерлермен емен-жарқын кездесу болатынын атап өтті. Әнші бұл кешке өзі мен командасы жаңа туындылар дайындап жатқанын жеткізді.

“Қымбатты достар! Алматыдағы “D and Dears” кездесуімізге деген назарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Көпшілік “Өзің боласың ба?” деп жиі сұрайды — әрине, боламын!

Арнайы осы кеш үшін біз жаңа әндер мен клиптер әзірлеп жатырмыз. Сіздерге ерекше әсер сыйлағымыз келеді. Сіздерді қатты сағындым, Dears! Жылы, шығармашылық атмосферада жүздесуге асығудамын. Сұрақтарыңызға қуана жауап беремін”, – деп жазды Димаш.

Желі қолданушылары сүйікті әртістеріне деген сағынышын жасырмай, пікір қалдырып жатыр:

“Сені қатты сағындық”,
“Қымбатты Димаш, фан-кездесуге бір метрлік сұрақтар тізімін алып келеміз”,
“Сенің шығармашылық жоспарың туралы білгіміз келеді, өміріңдегі ерекше жайттарды естісек дейміз. Ақыры, неге соншалықты сымбаттысың деген сұраққа да жауап тапқымыз келеді” — деп әзілмен бөлісті тыңдармандары.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір