
Жанкүйерлер бұл "подкатты" ғасырдың комменті деп атап жатыр.
Футбол әлемінде қызық оқиғалар тек алаңда емес, одан тыс жерлерде орын алып жатады. Соның бірі әлеуметтік желі. Бұл жолы көзге Англия құрамасының жұлдызы Джек Грилиш пен әлемдегі ең танымал әйел футболшылардың бірі Алиша Леманн түсті.
Жуырда ғана Алиша Леманн мен «Астон Вилла» ойыншысы Дуглас Луис ресми түрде айырылысты. Тіпті шетелдік БАҚ-та Луистің «Ювентусқа» ауысу кезінде Алишаны әйелдер командасына қосу талабын трансфер шартына енгізгені жайлы да мәліметтер тарады. Бірақ бұл махаббат ұзаққа созылмады — Алиша қайтадан басы бос қыз-келіншектердің қатарында.
Бұл жаңалық Джек Грилишке жаңа мүмкіндік сыйлағандай. Ол Алиша Леманнның Instagram парақшасына жазба қалдырып, көпшілікті таңғалдырды.
Диалог былай өрбіді:
Джек: «Аналар күнімен құттықтаймын!»
Алиша: «Мен ана емеспін, сонда да рақмет!»
Джек: «Мен оны түзете аламын »
Осы қалжың аралас флирт желіде тез таралып, жанкүйерлер арасында кеңінен талқыға түсті.
Швейцариялық футболшы
«Астон Вилла WFC» ойыншысы
Instagram-да 15 млн-нан астам оқырманы бар
Сән, спорт және сұлулықты ұштастыра білген спортшы