Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жан тыныштығым бәрінен қымбат": Әсел Сәдуақасова Балидегі өмірінің қалай өзгергенін айтты

Редактор Penalty.kz
15.05.2025, 10:30

Қазақстандық танымал актриса, продюсер және әнші Әсел Сәдуақасова қазіргі өмірін Индонезиядағы Бали аралында өткізіп жүр. "Келинка тоже человек" фильмінен кейін халыққа жақсы таныс болған әртіс бұл өмір салтының оған ішкі тыныштық пен тепе-теңдік әкелгенін жасырмады.

instagram/@asselsadvakassova
instagram/@asselsadvakassova

Бали — жан жарасын емдеген мекен

Жақында жолдасынан ресми түрде ажырасып шыққан Әсел Сәдуақасова өз сөзінде Балидегі жайлы және бірқалыпты өмір ырғағы оны тыныштандырып, өмірге деген көзқарасын өзгерткенін жеткізді:

“Қазіргі өмір салтым өзіме қатты ұнайды. Қарапайым, бірсарындылыққа толы, кейде тіпті іш пыстырарлықтай күнделікті тірлік мен үшін нағыз рахат. Эмоциялық күйзелістер мен жүйкенің таусылуынан кейін мен үшін ең қымбат нәрсе — бұл жан тыныштығы”, — дейді ол.

Жаңа құндылықтар мен ішкі тепе-теңдік

Әселдің айтуынша, бұрынғыдай қарбалас өмір емес, қазір ол жан мен тән саулығына ерекше көңіл бөледі. Ол күнделікті йогаға барып, мұздай ваннада шынығып, табиғат аясында жалғыздықта уақыт өткізуді әдетке айналдырған. Мұндай өзгерістер оның өмір сүру философиясын мүлде өзгертті:

“5 жыл бұрын маған біреу осындай өмір салтын ұнатасың десе — күліп қана қоятын едім”, — деп ағынан жарылды Сәдуақасова.

instagram./@asselsadvakassova скриншот сторис

Әселдің тыныш өмірінің бір сәті

Желіде танымал әртіс бірнеше мәрте Балидегі таңғы сәттерін бөліскен болатын. Табиғатпен үндескен тыныш әрі ойға берілетін өмір салты көп оқырманды қызықтыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 9
😂 0
😡 14

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір