
Қазақстандық әлем жұлдызы Димаш Құдайбергеннің 31 жасқа толуына орай Бразилияда ерекше акция ұйымдастырылды. Жергілікті жанкүйерлер "Dimash on the Road" жобасы аясында Форталеза қаласында әншінің бейнесі салынған жарқын автобусты жолға шығарды.
Бразилиялық жанкүйерлер Димашқа деген ыстық ықыласын ерекше форматта жеткізуде. Автобустың сыртында “Әлемдегі ең ғажап дауыс!” деген жазу мен Димаштың үлкен фотосы орналасқан. Бұл акция – әншінің шығармашылығына деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
Айта кетейік, бұл бастама екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Былтырғыдай биыл да автобус Димаштың туған күніне бірнеше күн қалғанда Бразилия көшелерінде жүріп өтті.
2025 жылы бұл ерекше көлік 2,7 миллионнан астам халқы бар Форталеза қаласында көрініс тапты. Қала тарихы 300 жылдан асатын, жағажайларымен және мәдениетімен танымал бразилиялық мегаполис саналады.
Автобустың артқы жағында QR-код орнатылған. Оны сканерлеу арқылы тыңдармандар Димаштың 2021 жылғы Digital Show бағдарламасындағы әйгілі Sos d’un terrien en détresse әнін тыңдай алады.
Сондай-ақ, автобуста Димаш Құдайбергеннің алдағы концерттері өтетін қалалар көрсетілген: