Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Гавидің жүрегін жаулаған ару кім? Жасы футболшыдан үлкен

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі болғандай, футболшының сүйіктісі мүлде басқа қалада тұрады екен. 

Гавидің жүрегін жаулаған ару кім? Жасы футболшыдан үлкен
kick-or-die.ru

«Барселона» футбол клубы Ла Лига чемпиондығын тойлаған кезде Гавидың жанындағы бойжеткен жұрттың назарын бірден өзіне аударды. Жанкүйерлерді “бұл қыз кім? Шынымен де ғашығы ма?” деген сұрақ мазалай түсті. 

Фото: kick-or-die.ru

Ол кім?

Көрермендердің назарын аударған арудың есімі – Ана Пелайо. Оның жасы – 22-де, яғни Гавиден бірнеше жас үлкен. Ана әлеуметтік желілерде кеңінен танымал: Instagram-парақшасында 300 мыңға жуық оқырманы бар.

Фото: kick-or-die.ru

Қашаннан бері бірге?

Гави мен Ана көпшілік алдына алғаш рет 2024 жылдың қазан айында шыққан. Дәлірек айтқанда, «Барселона» мен «Севилья» арасындағы матчта. Алайда олардың қарым-қатынасы жайлы алғашқы қауесеттер 2024 жылдың жазында тарай бастады.

Қашықтық – кедергі емес

Қызықты факт — Ана Пелайо Барселонада емес, Севильяда тұрады және сол жерде оқиды. Бұл екеуін шамамен 1000 шақырым бөліп тұр. Соған қарамастан, ара қашықтық олардың махаббатына бөгет емес секілді.

Фото: kick-or-die.ru

Екеуі қашан танысқан?

Болжам бойынша, Гави мен Ана футболшы жарақат алып, оңалту процесінен өтіп жатқан кезде танысқан. Сол сәтте Ана оған қолдау көрсетіп, жанында болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір