Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жансая Әбдімәлік "күйеуін қайтарып", әлеуметтік желідегі ұсыныстарды тоқтатты

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 11:17

Қазақстандық халықаралық гроссмейстер, 25 жастағы Жансая Әбдімәлік соңғы жарияланымынан кейін Instagram желісінде өзіне көптеп келіп жатқан танысу ұсыныстарына тосқауыл қойды. 

ulyssport.kz
ulyssport.kz

Жеке статусын нақты көрсетті

Танымал шахматшы өз парақшасына күйеуімен түскен үйлену тойындағы фотосын қайта жүктеп, бұл әрекетін Stories-те түсіндіріп өтті:

“Кішкене еске салу ғана. Соңғы жазбамнан кейін маған түрлі адамдардан “танысайық” деген ұсыныстар келіп жатыр. Сол себепті күйеуіммен түскен суретті қайта қойдым. Назарларыңызға рахмет. Кеш қалдыңыздар”, — деп жазды ол 4 маусым күні.

“Міне, менің махаббатым” деп жазды Жансая

Ол сондай-ақ, сирек кездесетін суреттердің бірін жариялап, астына жүрек тебірентерлік сөз қалдырды:
“Міне — менің махаббатым”.

Жансаяның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желідегі белсенді пікірталас тудырды. Көпшілік оның жеке шешімін қолдап, пікір қалдыруда.

Қызығушылық тудырған скриншот

Жансая Әбдімәлік Stories-ке тағы бір скриншот жариялап, онда Direct-ке келген ұсыныстардың бірін көрсетті. Бұл әрекет арқылы ол желі қолданушыларына өзінің шекарасын айқын белгіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 9
👎 0
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір