
Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуардың туған күніне орай ерекше сый жасады. Бұл жаңалығымен әнші әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің назарын аударды.
Әншінің айтуынша, баласы биыл 10 жасқа толып, бастауыш сыныппен қоштасқан. Осы оқиғаға орай, Сәдуақасова ұлына жаңа пәтер сыйлап, бұл шешімінің артында жатқан себептерін айтты:
“Бұрын ұлымды мектепке алыстан таситынбыз. Кептеліс көп, кейде уақыт тығыз болғанда жол бойынан түсіріп кетуге тура келетін. Бір күні Әнуар “мектеп жанынан үй алсақ қайтеді?” деді. Содан кейін ойланып, жаңа пәтер алу туралы шешім қабылдадым. 17 маусым — ұлымның туған күні. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы жоспар бойынша болса, 12 күннен кейін үйдің кілтін табыстаймын”, — деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова ұлына құны 40 миллион теңге тұратын көлік те сыйлаған еді. Бұл туралы ол:
әӘнуар көлігін ауыстырды. Бұл — 2024 жылғы су жаңа автокөлік. Әрине, өзі жүргізбейді. Бұл – баланы мектепке, бассейн мен баскетбол жаттығуларына апарып-әкелу үшін алынған отбасы көлігі”, — деп түсіндірген.