
Қазақстандық актриса бояусыз әрі сүзгісіз суреттерімен әлеуметтік желіде трендке айналды.
Қазақстанның танымал актрисасы әрі продюсері Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желіде табиғи бейнесін көрсетті. Ол Бали аралындағы өмірінен алынған бояусыз, фильтрсіз суреттер сериясын жариялап, оқырмандарын бірден баурап алды.
“Сүйікті аралымдағы өмірім”, – деп жазды Әсел өзінің жазбасында.
Актрисаның парақшасындағы фото-карусельде Бали табиғатының аясында түсірілген түрлі сәттер бейнеленген: йога жаттығулары, спортпен айналысу, мұхит жағасындағы серуен және, ең бастысы — сұлулықты жасырмай көрсету.
Актрисаның жазбасы көпшілік арасында жылы пікірлер мен қолдауға ие болды: