
Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Жұлдыз Әбдукәрімова жақын арада бесінші рет ана атанбақ. Ол жеке үй сатып алып, жаңа өмірге қадам басқанын мәлімдеді.
Жұлдыз Instagram желісіндегі сторисінде төрт баласымен түскен суретті жариялап, жүрекжарды жазбасын бөлісті.
“Бұл — балаларым үшін тосынсый жасаған күнім. Біз осы сәтті ұзақ күттік. Жылдар бойы бір пәтерден екінші пәтерге көшіп жүрдік. Шаршадық, бірақ үмітімізді үзбедік. Балаларым әрдайым сабырлы болды, маған демеу болды. Менің құлындарым, сендерге сенімдерің мен қолдауларың үшін алғысым шексіз”, — деп жазды актриса.
Жұлдыздың айтуынша, жаңа үйде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Ол бұл процестің әр кезеңін оқырмандарымен бөлісуге ниетті екенін айтты.
“Рум-тур әзірге таза әрлеуге дейін осылай болады. Бұл процестен үлкен қуаныш алып жатырмын. Жөндеуге қызу кірістік. Егер ұсыныстарыңыз немесе кеңестеріңіз болса, қуана қабылдаймын”, — деді Жұлдыз сторисінде.