Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сәкен Майғазиев: "Келініміз Динараға ұқсайды" (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.06.2025, 23:37

Әнші, қоғам қайраткері Сәкен Майғазиев ұлы Әділет пен келіні Әдияның қуанышында көпшілік алдында ерекше ықыласқа толы сөз сөйледі. 

kursiv.kz
kursiv.kz

"Әдия – біздің әулетке арналған адамдай" 

Той үстінде Майғазиев келіні жайлы жылы лебіз білдіріп, оның мінезі мен болмысы өзіне ерекше әсер еткенін жеткізді:

"Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да емес, тікелей Динараға (жұбайы) ұқсайды. Бұған қатты таңғалдым. Тіпті кейде біздің әулет үшін арнайы жаралғандай сезіледі", – деді ол.

Танымалдылық: әлеуметтік желідегі жетістігі

Сәкен Майғазиев той алдындағы бір аптада өзінің әлеуметтік желілеріндегі қаралым саны 70 миллионға жеткенін де айтып өтті. Бұл оның қоғамдағы танымалдылығы мен сөздерінің қаншалықты еленетінін көрсетсе керек.

Құдаларға алғыс: "Жүзі жылыдан түңілме" 

Сондай-ақ, әнші құда-құдағилардың қарапайым болмысына ризашылығын білдіріп, екі жақтың ұқсас тәрбие көргенін атап өтті:

"Құдаларымызбен кездескенде өз әулетімізді көргендей болдық. Тәрбиеміз де, мінезіміз де, ата-әженің тәлімі де ұқсас. Құдалықтың алғашқы күнінен-ақ риза болдық. Алла осындай көрікті, ибалы, тәрбиелі келінді біздің үйге нәсіп еткені үшін шексіз алғыс білдіремін", – деді Сәкен Майғазиев тебірене.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір