
Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас қызы Алау және әнші Наzимамен бірге әлеуметтік желілерде би билеп, TikTok пен Instagram-ды қыздырды. Көпшілік бұл видеоны жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды.
Бірінші болып кадрда Қайрат Нұртастың қызы Алау пайда болады. Ол өз би қабілетін көрсетіп, желі қолданушыларын сүйсіндірді.
Одан кейін эстафетаны "Мыңдаған хикая" әнімен танымал болған Наzима жалғастырды.
Би марафонын Қайрат Нұртас өзі аяқтады. Көңілді атмосфера мен көтеріңкі көңіл-күй экраннан-ақ сезіліп тұр.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазды:
Бұл видео Наzиманың және Алау Нұртастың Instagram парақшаларында жарияланған соң, TikTok, Reels және KazNet-те кең таралды. TikTok-тағы трендке айналған бұл би желідегі көптеген қолданушыны шабыттандырды.