
Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы Криштиану Роналду жайлы пікір білдіріп, оның жетістігінің басты себебін атады.
Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы Криштиану Роналду жайлы өз көзқарасын білдіріп, табыстың басты құпиясымен бөлісті.
Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдудың табысына қатысты ойымен бөлісті. Ол португал жұлдызының әлемдік жетістігі дисциплина мен еңбекқорлықтың жемісі екенін атап өтті.
«Дисциплина мен еңбекқорлық арқылы кез келген биікті бағындыруға болады. Ең бастысы — өз миссияңды анық білу», – деп жазды Сәбина Алтынбекова.
Forbes деректеріне сәйкес, 2025 жылы Криштиану Роналду дүниежүзіндегі ең жоғары табысқа ие спортшы атанды.
Жақында Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартын ұзартты. Ол бойынша футболшының жылдық табысы 492 миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін. Бұл — футбол тарихындағы ең ірі жалақы болып отыр.