Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова арасындағы дау қайта өршіді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.07.2025, 13:02

Белгілі әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында атышулы "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" телехикаясына жұмсалған мемлекеттік қаржыға байланысты Баян Алагөзоваға талап қойды.

turkystan.kz
turkystan.kz

Мемлекет қаржысына түсірілген сериал сынға ұшырады

Әншінің сөзінше, сериал бюджет есебінен түсірілгенімен қоғам тарапынан – әсіресе зиялы қауым арасында жағымсыз пікірлер туғызған.

"Бұл жоба ұлттық арнадан көрсетілді, яғни халықтың салығынан түскен қаражатқа түсірілген. Ал басты рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай" "түсініксіз кастинг" қалай мақұлданғаны түсініксіз", – деп мәлімдеді ол.

"Кез келген адамды құлата аламын" – Түсіпбаеваның жауабы

Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Мақсатқызының өзі мен жақтастары тарапынан жеке шабуылдарға тап болғанын айтты.

"Мен тек өз пікірімді білдірдім. Бірақ соның артынан Баян, Бағым және басқалар жабылып, боқтап, ар-намысыма тиді. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «талантсызсың» деген сөздер айтылды. Біз кезінде бірге оқыдық. Мен ол кезде музыка-драма бөлімінде оқыдым, ал ол жаңа ғана түскен еді. Мен жай ғана біреудің көлеңкесінен шыққан адам емеспін – білімім бар. Қажет болса, кез келген адамды заң аясында жауапқа тартқыза аламын", – деді Түсіпбаева.

Жеке шабуылдар мен қаралау науқаны туралы

Өнер иесі өзінің сыни пікір білдіргеннен кейін әлеуметтік желіде жеке басына бағытталған шабуылдар жиілегенін мәлімдеді. Ол бұл жағдайды мақсатты түрде ұйымдастырылған қаралау деп есептейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір