
Белгілі блогер Фариза Төреәлі мен оның жолдасы Дархан Нортаев жақындарының қуанышына себепкер болды. Ерлі-зайыптылар ата-аналарына Америка Құрама Штаттарына жолдама тарту етіп, көпшілікті тәнті етті.
Фариза Төреәлі ата-анасы АҚШ визасын алған сәтте жолдасына ерекше ой тастаған:
“Фариза: “Неге оларға жолдама сыйламасқа?” деді. Бұл ұсыныс бізді бірден шабыттандырды. Ұзақ ойланбастан іске кірістік. Жолдаманы туған күн күні өзіміз табыстадық”, – деп еске алады Дархан Нортаев.
Дархан мен Фариза сыйлықты арнайы күнге орайластырып табыстаған. Енді үлкендер АҚШ-қа жол тартып, демалып қайту мүмкіндігіне ие болады.
“Бұл – ата-анамыз үшін демалыс пен жаңа әсерге толы ерекше мүмкіндік”, – дейді Дархан.
Ол жарына жанға жылу сыйлаған идеясы үшін алғыс айтып, ата-аналарына сәттілік тілеген.