Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бетперде таққан адам" бес баланың анасын үймен қамтамасыз етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 12:42

Қазақстанда қайырымдылықтың жаңа символына айналған "бетперде таққан жігіт" елді тағы да тебірентті. Бұл жолы ол бес қыз тәрбиелеп отырған Айнәзік есімді жалғызбасты анаға жаңа үй сыйлады.

azattyq-ruhy.kz
azattyq-ruhy.kz

“Үй ақысына ақша таппай, далада қалған күндер болды…”

Айнәзік есімді кейіпкердің ең үлкен қызы – 17 жаста. Анасының айтуынша, бойжеткен көшеде топтық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір қыз бала ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, бөлмесінен шықпайтын болған. Бұл оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Ортаңғы қызы – аутизммен ауыратын, көру мүмкіндігінен айырылған мүгедек. Анасы оны жалғыз қалдыра алмай, өзімен бірге жұмысқа алып жүруге мәжбүр. Балақайын беліне байлап, солай бірге жұмыс істейді. Отбасын асырау үшін күндіз қара жұмыс істесе, кешкісін кафеде еден жуады.

“Ең ауыр сәт – үй ақысына ақша таппай, далада қалғанымыз еді. Қолымда жүрек ақауы бар науқас балам болды. Ол сол сәтте көз жұмды...
Ең жанға батқаны — баламның мәйіті қасымда жатты, бірақ оны жерлейтін жер де, қаражат та болмады. Шілденің аптап ыстығында баламның денесін қайда қоярымды білмедім”, – дейді Айнәзік көз жасын тыя алмай.

Қайырымдылық қоры бизнесті де қолдайды

“Бетперде таққан адам” тек үй сыйлап қоймай, анаға жеке кәсібін ашуға көмектесетінін де жеткізді. Жаңа бейнероликте көрсетілген үй – кең, күрделі жөндеуден өткен, жиһазбен толық жабдықталған. Видеода бүкіл отбасы ас үстінде, ал жанында — бетперде киген белгісіз қайырымды жан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір