UFC чемпионы қазақ файтерлерін көлігімен жеткізіп тастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы мықты файтері, грузиялық Мераб Двалишвили Лас-Вегаста өткен жаттығудан кейін қазақ файтерлеріне қолдау көрсетті. Ол Әліби Ыдырыс пен Дастан Амангелдіні көлігімен жаттығу залынан үйге дейін жеткізді.

UFC чемпионы қазақ файтерлерін көлігімен жеткізіп тастады (ВИДЕО)
sport-express.ru

Қазақ файтерлері Двалишвилимен бірге жаттығуда

Мераб Двалишвили қазақстандық файтерлермен бірге жаттығу жасап жүр. Әсіресе UFC келісімшарты үшін күресіп жатқан Әліби Ыдырыс үшін мұндай тәжірибе өте құнды.

“Let's go, Kazakhstan!” — деді Двалишвили көлікте отырған сәтінде. Бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып үлгерді.

Әліби Ыдырыс — The Ultimate Fighter шоуының финалисі

10 жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Әліби Ыдырыс (10–0) қазір The Ultimate Fighter 33 шоуының финалына дайындалып жатыр. Бұл жобада жеңіске жеткен спортшы UFC-пен ресми келісімшартқа қол қояды.

Финалдағы қарсыласы 6 тамыз күні өтетін екінші жартылай финалдан кейін белгілі болады. Бұл кезеңде америкалық Джозеф Моралес (12–2) пен мексикалық Иманол Родригес (5–0) октагонда кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір