
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың “қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл пікірге қарсы шыққан дін өкілі, имам Данияр Кенжеұлы Баянның күйеуі шығарған “Maxi” шайына бойкот жариялауға үндеді.
Имам Кенжеұлы Instagram парақшасында жазған пікірінде продюсердің айтқанын “рухани тарихқа шабуыл” деп бағалады:
“Баянның “қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деуі – жай ғана қателік емес. Бұл – тұтас ұлттың тарихи жадына жасалған шабуыл. Қазақ — ежелден мұсылман халық. Шежіремізде бұл анық жазылған. Баянның сөзі – дін мен рухқа қарсы шыққан сөз. Кімде-кім жүрегінде иманы бар болса, “Maxi” шайын ішуден бас тартсын”, – деді имам.
Имамның бұл мәлімдемесі қоғамда түрлі пікір туғызды. Кей қолданушылар қолдау білдірсе, енді бірі бойкот идеясын сынға алды:
Баян Алагөзова әзірге бұл айыптауларға жауап берген жоқ.
Баян Алагөзова жуырда берген сұхбатында қазақ халқы бастапқыда Исламды қабылдамағанын айтып, жұрт назарын өзіне аударған. Бұл пікір дін мамандарының, зиялы қауымның және әлеуметтік желі белсенділерінің наразылығына ұшырады.