
Желіде тараған танымал челлендждің соңы аурухана төсегіне алып келді. Екатеринбург тұрғыны трендке ілесемін деп ауыр жарақат алды.
32 жастағы әйел TikTok және Instagram желілерінде кең тарап жатқан Nicki Minaj Challenge флешмобына қатыспақ болды. Бұл челлендждің ерекшелігі — өкшелі аяқ киіммен тепе-теңдік сақтап, ыңғайсыз күйде отыруды талап етеді. Әсіресе қатысушылар тұрақсыз заттардың үстінде әрекет жасап, қауіпті қимылдарға барады.
Өкінішке қарай әйел тепе-теңдігін жоғалтып, омыртқа сүйегіне компрессиялық сынық алған.
Жарақат алған әйел қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жазылу процесі ұзаққа созылатынын мәлімдеді.
Мамандар желіде тараған кез келген флешмобты жасамас бұрын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.