Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астанада LRT салып жатқан компания 11,5 млрд теңге шығынға батты

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 21:27

Астанадағы қоғамдық көлік жүйесін басқаратын City Transportation Systems (CTS) компаниясы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 11,49 миллиард теңге көлемінде шығын тіркеді. Бұл көрсеткіш AIX биржасында жарияланған ресми қаржылық есепте келтірілген.

kursiv.kz
kursiv.kz

CTS-тің қаржылық есебі жарияланды

CTS — елордадағы жалғыз қоғамдық көлік операторы. Қазір компания LRT (жеңіл рельсті көлік) жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жоба 2025 жылдың қыркүйегінде сынақ режимінде іске қосылып, 2026 жылдың көктемінде толық пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Табыс аз, шығын көп

2025 жылдың алғашқы алты айында CTS:

  • жалпы 5,3 млрд теңге кіріс тапты;

  • бұл соманың ішінде: қалалық және қала маңындағы тасымалдар, субсидиялар, көлік карталарын сату, тұрақ пен жылжымайтын мүлікті жалға беру, Astana Bike жобасы бар.

Алайда операциялық шығындар бұл кірісті жаба алмады. Нәтижесінде, компанияның операциялық нәтижесі – 598,7 млн теңге минус болды.

LRT – әлі аяқталмаған жоба

Қазір компанияның аяқталмаған құрылыс көлемі – 363,64 млрд теңге. Бұл – негізінен LRT желісіне құйылған, бірақ толық пайдалануға берілмеген инвестициялар.

Бұған қоса:

  • Компанияның қолма-қол ақшасы мен баламалары – 4,9 млрд теңге;
  • Жалпы жұмыс істеу кезеңіндегі жиналған шығын – 224,9 млрд теңгеге жеткен.

Қаржылық қолдау

2025 жылдың басында CTS-тің жарғылық капиталы – 417,5 млрд теңге болды. Алайда:

  • Қаңтарда Астана әкімдігі 143,6 млрд теңге аударды;
  • Сәуірде тағы 1,7 және 4,9 млрд теңге қосылды.

Нәтижесінде 30 маусымдағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы 561,14 млрд теңгеге жетті.

Жылдар бойғы шығындар

Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылы CTS 41,2 млрд теңге көлемінде шығынға батқан. Компания кем дегенде 2014 жылдан бері шығынға батып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір