Гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанды (ФОТО)
instagram/@zhansaya_abdumalik

Ол жүктілігі жайында бар-жоғы үш күн бұрын көпшілікке хабарлаған болатын.

Қазақстан шахмат федерациясы да өзінің ресми парақшасында Жансаяны құттықтап, жылы лебізін білдірді:

"KazChess федерациясы еліміздің мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті ана атануымен шын жүректен құттықтайды! Отбасыңыздағы әрбір қадам тек сәтті жүрістерге, ал балаңызбен өткізген әр күніңіз жаңа жеңістерге толы болсын".

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы "Қазақмыс" компаниясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен шаңырақ көтерген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір