Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Продюсері Димаш Құдайберген: Музыкалық шоу түсіріледі

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 09:57

Жобаның атқарушы продюсері әйгілі әнші Димаш Құдайберген. 

kaz.nur.kz
kaz.nur.kz

Қыркүйек айында елімізде Қытай мен Қазақстан бірлесіп жүзеге асыратын жаңа халықаралық музыкалық реалити-шоудың түсірілімі басталады. Бұл жобаға қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атқарушы продюсер ретінде қатысады.

Димаштың сөзі

Әнші өзінің Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасап, жобаның мән-маңызына тоқталды:

«Мен бас менеджер Цай Хуайцзюнь және Hunan TV медиа холдингімен жаңа музыкалық реалити-шоуды бастау туралы келісімге қол қойдым. Бұл шоуда әр елдің вокалистері өнер көрсетеді. Түсірілім Қазақстанның төрт аймағында жүріп, туған жерімнің сұлулығы мен байлығын көрсетеді. Миллиондаған көрермен жаңа дауыстарды тыңдап, Қазақстан мәдениетінің бірегейлігін тамашалайды», – деп жазды Димаш.

Ол сонымен қатар, он жыл бұрын өзінің Hunan TV-дегі жолы I Am Singer жобасынан басталғанын еске алып, бүгін жаңа рөлде қайта оралып отырғанын айтты.

«Бұл – дүние жүзіндегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық және музыка тарихындағы жаңа тарау», – деді әнші.

Түсірілім өтетін қалалар

Dimashnews.com мәліметінше, түсірілім 8–29 қыркүйек аралығында Қазақстанның төрт қаласында өтеді:

  • Түркістан
  • Алматы
  • Ақтау
  • Астана

Жоба әлемдік арналар арқылы көрсетіліп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстанның мәдениеті мен табиғатын паш етпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір