Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Жанқош пен Клараға неге тиісесің?» – Адвокат резонансты іске қатысты құжаттарын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
01.09.2025, 21:04

Адвокат Ләззат Ахатова боксшы Жанқош Тұраровқа зорлық жасады деп айып таққан Әнару Құрманәлі ісіне байланысты өз уәжін жария етті. Ол әлеуметтік желіде нақты дәлелдерге сүйенген мәлімдеме жасады. 

turkystan.kz
turkystan.kz

«Кларамен жақын таныс болдым» дегенді теріске шығарды

Ахатова өзін Тұраровтың жары «Клара Исамен бұрыннан араласқан» деген қауесетті жоққа шығарды. Ол дәлел ретінде екеуінің WhatsApp-тағы қысқа хат алмасуын көрсетті.

«Кей таныстарым «Тұраровтың әйелін таниды екенсіз» деп жазыпты. Ал ол кісі іс басталған тұста хабарласып, бір нәрсе жіберген. Былтырғы 30 тамыздағы жазба, содан кейін байланыс болмаған. Полицияға жолданған арызға тіркеу үшін соны телефоннан тауып алдым», – деді адвокат.

«Клараға қатысты материалдарды іздеп отырып, өзге деректер шықты»

Заңгердің айтуынша, кей адамдар әлеуметтік желіде төрт жыл бұрынғы ескі суретті таратып, оны әдейі қаралауға тырысқан. Ахатова мұндай әрекеттің ұзаққа бармайтынын айтып, Кларамен байланысына қатысты қосымша дәлелдер тапқанын жеткізді.

«Бұл істің жабулы қалуына да болар еді...»

Ахатова бастапқыда істі жарияламауға тырысқанын мойындады. Алайда қарсы тараптың әрекеті жағдайды ушықтырғанын атап өтті.

«Әлгі қыздың ақылы болса, мәселе жабулы күйінде қалар еді. Біз тек оның ары мен абыройын қорғауды ойладық. Бірақ өзі істі ушықтырып алды. Соңғы жазбамда да дәл осылай боларын сезгендей, жаным шырқырап жазыппын. Құқық қорғаушы ретінде әр сөзді дәлелмен айту – менің кәсібіме тән қасиет», – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір