
Желі қолданушылары кішкентайды әкесіне – Райымға да, атасына да қатты ұқсатты.
Белгілі қазақстандық әнші Ерке Есмахан көптен бері жұртшылықтан жасырып келген ұлы Исламды алғаш рет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Райымның жаңа бейнебаянын насихаттай отырып, отбасы жайлы жазба қалдырды:
«Күйеуімнің жаңа бейнебаянын қарап, әнін тыңдаған боларсыздар. Ұлдарымыздың жарық жүздерін көріп, бізге тілек жазып, жанұямызға жылы сөздерін жаудырып жатқан сіздерге шексіз алғыс айтамыз», – деді ол.
Фотосуреттерді көрген желі қолданушылары кішкентай Исламды әркім әрқалай ұқсатты. Бірі оны әкесіне — Райымға ұқсатса, енді бірі қайын атасына қатты ұқсайтынын атап өтті.
Пікірлер легінен:
Желіде тараған суреттер қысқа уақыт ішінде үлкен талқыға түсті. Көпшілік Ерке Есмахан мен Райымның отбасына бақыт тілеп, ұлдарына ізгі тілектерін жолдады.