Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

120 мың көрермен. Қарағандыда Қазақстан рекорды тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі
31.08.2025, 14:59

Ауқымды музыкалық шоу Қазақстан тарихындағы ең ірі мәдени шаралардың біріне айналды.

stan.kz
stan.kz

30 тамыз күні Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңында бұрын-соңды болмаған ауқымды музыкалық шоу ұйымдастырылды. Шахтерлер күніне орай Qarmet компаниясы өткізген концертке алдын ала деректер бойынша 120 мыңнан астам адам жиналды. Бұл – Қарағанды тарихындағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең ірі мәдени шара ретінде рекорд орнатты.

Сахна жұлдыздары

Кеште қазақстандық танымал орындаушылар AYAU, SADRADDIN, Ирина Қайратовна және Қарағандыға алғаш рет келген ресейлік жұлдыз Zivert өнер көрсетті. Әншілердің әсерлі қойылымы алаңға жиналған жүздеген мың көрерменнің көңілін бір арнаға тоғыстырды.

Zivert сахнадан шахтерлерді ерекше ықыласпен құттықтады:

«Қарағанды, қайырлы кеш! Осынша көп адам алдында алғаш рет өнер көрсетіп тұрмын. Сіздермен бірге болу – үлкен қуаныш. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын», – деді ол.

Кеш соңында Қарағанды аспанында отшашу атылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір