Назым Қызайбай сәндік журнал фотосессиясында жаңа қырынан танылды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жанкүйерлерін күтпеген бейнесімен қуантты.

Назым Қызайбай сәндік журнал фотосессиясында жаңа қырынан танылды (ФОТО)
instagram/@harpers_bazaarkz

Harpers Bazaar.kz бетінде жарқыраған чемпион

Қазақстан тарихында алғаш рет (ерлер мен әйелдер арасында да) үш мәрте әлем чемпионы атанған боксшы әйгілі Harpers Bazaar.kz журналының сәндік фотосессиясына қатысты.

Журналдың Instagram парақшасында:

«Қазақстан боксы тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы» – деп жазылды.

Бұл Назым Қызайбайдың сән индустриясындағы алғашқы қадамы болды. Себебі ол бұған дейін ешқашан мұндай фотосессияға қатыспаған.

Әлем чемпионатында жаңа тарих жазуға мүмкіндігі бар

Айта кетейік, қазір Қызайбай Ливерпульдегі алғашқы World Boxing әлем чемпионатына қатысып жатыр. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауда. Егер жеңіс тұғырына көтерілсе, Назым Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем боксының тарихына енеді — төрт дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір